ҚУАТ

lat: QÝAT /25/

ар. зат. 1 . Күш, қуат, әл.

Қайрат қыл қуатыңның бар шағында,

Қайығыңды кері бұр, қарсы ағынға!

Күнге қақтап төсінде жатып апсың,

Мұның қалай, бәтір-ау, шаршадың ба? (1,177).

Кеудеде жан, бойда қан, қуат барда,

Құйылайық нұр болып шуақтарға.

Тығылайық немесе қорғасын боп,

Тыңдамаған біздерді құлақтарға (3,230).

2 . ауыс. Медеу, тіреу, сүйеніш .

Қуатым «құдай» сүйенген,

Жалғанында еркелеп.

Тілеуім сол иемнен:

Алмаса екен ертерек! (1,49).

О, жарық дүнием-ай!

Қуатым -ай!

Несіне асығасың, тұра тұрмай,

Өмірді басқа арнаға бұратындай.

Түннен қорқам...

Мәңгілік тұратындай.

Тоқташы!

Тоқтай тұршы, қуатым -ай! (3,112).